Қазақстан мен Қырғызстан ИСЛК жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

24 Сәуір 2022, 17:07
1656
Бөлісу:
Қазақстан мен Қырғызстан ИСЛК жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 сәуірде Қырғыз Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Қожошевпен кездесті. 

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Қырғызстан ИСЛК жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Тараптар «Қарасу» және «Ақ-тілек» автожол бекеттері ауданындағы Индустриялық сауда-логистикалық кешеннің іске асырылу барысымен танысты. Қазақстан тарапы әзірлеген ИСЛК қызметін реттеу туралы үкіметаралық келісім жобасына сәйкес мемлекетішілік үйлестіру рәсімдері жүргізілуде және жақын арада қырғыз тарапының қарауына жіберіледі. Қазіргі уақытта ИСЛК қажетті инфрақұрылымын салу мәселелері пысықталып жатыр.

Қазақстан мен Қырғызстан ИСЛК жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Тараптардың пікірінше ИСЛК құру екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға оң әсерін тигізеді, екі елдің өндірушілері мен кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды жандандырады және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірлескен ИТЛК құру және оның жұмыс істеу тұжырымдамасы Президент Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 27 қарашадағы Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапарының және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғары Мемлекетаралық Кеңесінің 5-ші отырысының қорытындылары бойынша екі ел басшыларының тапсырмасына сәйкес әзірленді, - делінген хабарламада.

Қазақстан мен Қырғызстан ИСЛК жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Сондай-ақ сапар барысында тараптар өзара сауданың ашық болу мәселесін көтерді. Айта кетсек 19 сәуірде жүргізілген келіссөз қорытындысы бойынша тексерулер тасымалданатын тауарға ЭШФ болмаған кезде ғана жүргізіледі.

Бұдан бөлек екіжақты кездесу аясында тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына алдағы сапарын, сондай-ақ екі елдің үкіметаралық кеңесінің отырысын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың сапарын талқылады және өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға өзара келісім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы