Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл

10 Қазан 2022, 20:38
1493
Бөлісу:
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы дипломатиялық қатынастар орнағанына 30 жыл толуын атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы үш онжылдықта біздің елдеріміз арасында 160-тан астам құжатқа қол қойылды, олардың ішіндегі ең маңыздысы - 1994 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы шарт және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы шарт.

Екіжақты байланыстардың жай-күйі мен перспективалары екі елдің мемлекет басшылары, үкіметтері мен сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде үнемі талқыланады.

Біздің елдеріміз көптеген халықаралық ұйымдар шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды.

Қырғызстан біз үшін аймақтағы негізгі саяси және экономикалық серіктестердің бірі. Қазақстан өзара іс-қимылдың барлық аспектілері бойынша Қырғыз Республикасымен көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ұмтылады.

Өзгелердің жаңалығы