Қазақстан мен Қатар стратегиялық әріптестік орнатуға уағдаласты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз биыл бірнеше рет кездесіп, екі елдің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру жолдарын талқыладық. Бүгін стратегиялық әріптестік орнатуға уағдаластық. Қазақстан Қатар елімен түрлі саладағы ықпалдастықты нығайтуға мүдделі, - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қатардың жан-жақты жетістіктеріңізге әлем жұртшылығы куә.
Бүгін Катар мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мырза Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп отыр. Біз үшін бұл – үлкен мәртебе, құрмет. Халқыңыздың нағыз көшбасшысы ретінде Сіздің абырой-беделіңіз өте жоғары. Ел басқару ісіндегі даналығыңыз бен ерекше тұлғалық қасиеттеріңіз Қатарды әлемге кеңінен танытты. Еліңізді дүниежүзі әлеуметтік және экономикалық жағынан алдыңғы қатардағы мемлекет ретінде біледі. Әсіресе, бейбітшілікті сақтау мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосып келесіз. Жан-жақты жетістіктеріңізге әлем жұртшылығы куә. Биыл Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионаты – соның дәлелі. Бұл маңызды іс-шара Қатардың дүниежүзіндегі брендіне айналып отыр. Сіздің ауқымды бастамаларыңыз арқылы халқыңыз жаңа дәуірге қадам басты, - деді Ел басшысы.