Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қатар арасындағы құқықтық ынтымақтастық туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорда хабарламасында.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.