Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әскери-патриоттық ынтымақтастық нығаюда

10 Қазан 2023, 22:15
787
Бөлісу:
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әскери-патриоттық ынтымақтастық нығаюда
Фото: gov.kz

ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Арман Асенов бастаған қазақстандық делегация Ташкент пен Самарқандта болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан қорғаныс ведомствосы делегациясының басшысы Арман Асенов пен Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Руханият және ағарту орталығының бастығы полковник Валижон Дадажонов өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

"Жас сарбаз" және "Ватан тайянчи" республикалық әскери-патриоттық балалар-жасөспірімдер қозғалыстарының төрағалары майор Мейірбек Меңдіғалиев пен полковник Бахром Зульфикоровтың кездесуінде 2024 жылға арналған бірлескен іс-шараларды өткізу туралы сөз болды.

Тараптар Қазақстанда жыл сайын өтетін "Айбын-2024" республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына "Ватан тайянчи" қозғалысы тәрбиеленушілерінің одан әрі қатысу мүмкіндігін қарастырды.

Самарқанд қаласында қазақстандық делегация жас патриоттарды "Ватан тайянчи" қозғалысының қатарына қабылдауға арналған салтанатты рәсімге қатысты. Қатысушылар үшін ұйымдастырушылар әскери-техникалық мектеп тәрбиеленушілерінің жұмыстарын, қоян-қолтық ұрыс элементтерін және әскери оркестрдің концертін көрсетті.

Сапар барысында қазақстандық делегация Самарқанд қаласындағы бірқатар тарихи-мәдени ескерткіштерге, "Жеңіс паркі" мемориалдық кешеніне және астанадағы "Yangi O'zbekiston" саябағына барды.

Өзгелердің жаңалығы