Қазақстан мен Непал дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорт иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Непалдың Сыртқы істер министрі Шисир Ханал қол қойды.
Келісім екі елдің дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорт иелерінің өзара сапарларын жеңілдетуге бағытталған. Сондай-ақ құжат Қазақстан мен Непал арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етпек.