Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Марокко дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде.
Оқи отырыңыз:
Мерейтойлық күнге орай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Марокко Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Мохаммед Рашид Маанинумен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Марокконың саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы дамуының одан әрі ынтымақтастығының кең перспективаларын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Нұр-Сұлтан мен Рабат арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған түрлі деңгейдегі байланыстардың жоғары деңгейін қолдауға келісті.