Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы дипломатиялық қатынастарға 15 жыл

30 Тамыз 2022, 15:37
977
Бөлісу:
Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы дипломатиялық қатынастарға 15 жыл

Бүгін Қазақстан Республикасы мен Лихтенштейн Князьдігі дипломатиялық қатынастардың 15 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы кезеңде өзара мүдделер мен ортақ құндылықтарға негізделген тұрақты әріптестік жолға қойылды. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін берік негіз болып табылады.

Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы парламентаралық диалог жүйелі нығайып келеді. Жақында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Лихтенштейн Ландтагы депутаттары арасында өткен келіссөздер екі елдің заң шығарушы органдарының өзара байланыстарына қосымша серпін бергені сөзсіз.

Перспективалы бағыттардың бірі ретінде қаржы-несиелік саладағы ынтымақтастықты атап өтуге болады. Тараптар қаржылық технологиялар мен бизнес саласындағы бірлескен инновациялық жобаларды да қарастыруда.

Көпжақты алаңдардағы сындарлы өзара әрекеттестігіне ерекше назар аударылуда.

Өзгелердің жаңалығы