Қазақстан мен Латвия жүк тасымалы мәселелері бойынша кездесу өткізді

4 Наурыз 2022, 10:42
1411
Бөлісу:
Қазақстан мен Латвия жүк тасымалы мәселелері бойынша кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 наурызда Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев пен Латвияның Байланыс министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Улдис Рейманис арасында бейне-конференция режимінде кездесу өтті.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ, еліміздің ірі экспедиторлық компаниялары және Латвия тарапынан Лиепая, Рига, Вентспилс сияқты ең ірі үш портының бас директорлары қатысты.

 ИИДМ вице-министрі Ресей Федерациясы мен Украина төңірегіндегі ахуал жөнінде, Антверпен, Гамбург, Пириней, Роттердам және Мугга порттарының қазақстандық жүктерді қабылдаудан бас тартуына байланысты Ресейдің Санкт-Петербург, Новороссийск, Усть-Луга, Тамань порттары арқылы жүктерді тасымалдау барысында қиындықтар туындап жатқаны туралы айтты.  

Қазақстан Ресей аумағындағы жүктерді Латвияның Рига, Вэнстпилс және Лиепая порттарына қарай бағдарлайды. Бұл шешімге Латвияның теңіз порттары келісімін берді.  

Латвия тарапы өз порттарының қуаты мен өткізу қабілетіне қарай қазақстандық жүктерді қабылдауға дайын екендігін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы