Қазақстан мен Канада ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Кездесу барысында тараптар университетаралық байланысты кеңейту, жоғары білікті кадрлар даярлау және академиялық ұтқырлықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

 Ғылым және жоғары білім министрлігі 15 Шілде 2026, 06:35
15 Шілде 2026, 06:35
175
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстандағы Канада Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагганмен кездесіп, ғылым, жоғары білім және инновациялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында тараптар университетаралық байланысты кеңейту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, ғылыми ұйымдар арасындағы серіктестікті дамыту, жоғары білікті кадрлар даярлау және академиялық ұтқырлықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Министр Саясат Нұрбек Қазақстанның жоғары білім мен ғылым жүйесін интернационалдандыру бағытын жүйелі түрде жүзеге асырып жатқанын атап өтіп, Канаданың жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарымен өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Өз кезегінде Канада елшісі Кристофер Дагган екі ел арасындағы ынтымақтастықтың оң қарқынын жоғары бағалап, ғылым және жоғары білім саласындағы бірлескен жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысында тараптар ғылым, жоғары білім және жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағы өзара тиімді серіктестікті кеңейтіп, бірлескен жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға ниетті екенін растады.

 

Наверх