Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық ЖИ орталығына барды

Astana Smart City жобасы туралы мәлімет берілді.

 Ақорда Бүгiн 2026, 15:54
Бүгiн 2026, 15:54
155
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мұнда таланттарды тауып, оларды даярлаудан бастап ЖИ-шешімдерін әлемге таратуға дейінгі технологиялық дамудың толық циклі жүзеге асырылады.

Израиль Президентіне Қазақстанның жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын экономика мен әлеуметтік саланың басты бағыттарына енгізудегі негізгі жетістіктері көрсетілді.

Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Astana Smart City жобасы туралы мәлімет берілді. Ауқымды бастама аясында елорданың жаңа интеллектуалдық инфрақұрылымы қалыптасады. 

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Қазақстанның егемендігін алғашқылардың бірі болып мойындағанын айтты

Наверх