Қазақстан мен Израиль арасында тікелей әуе қатынасын іске қосу мәселесі талқыланды

12 Шілде 2022, 17:18
1273
Бөлісу:
Қазақстан мен Израиль арасында тікелей әуе қатынасын іске қосу мәселесі талқыланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 11 әуежайда «ашық аспан» режимі енгізілді, 28 елмен 102 бағыт бойынша халықаралық әуе қатынасы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, Израильмен тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі қарастырылып жатыр. 

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың Израильдің туризм министрі Йоэл Развозовпен кездесуі барысында белгілі болды.

Қазақстан мен Израиль арасында тікелей әуе қатынасын іске қосу мәселесі талқыланды

Израильмен тікелей әуе қатынасын орнату Қазақстанның туристік және транзиттік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ мәдени өзара іс-қимылға, сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ықпал ететін болады. Қазір Израиль азаматтары үшін Қазақстанға визасыз кіру режимі енгізілген. Біздің министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп осы мәселені пысықтайды, - деп атап өтті Дәурен Абаев.

Қазақстан мен Израиль арасында тікелей әуе қатынасын іске қосу мәселесі талқыланды

Әңгіме барысында министр Қазақстанда туризмді дамытуға бағытталған іс-шараларға жеке тоқталды. Атап айтқанда, 183 инвестициялық жобадан тұратын база құрылды, туризм саласында инвесторларға қолайлы жағдай жасалып жатыр, инвестициялық шек төмендетілді, ҚҚС-тан босату түрінде әртүрлі жеңілдік беріледі және т. б.

 

Қазақстан мен Израиль арасында тікелей әуе қатынасын іске қосу мәселесі талқыланды

Сондай-ақ тараптар имидждік іс-шаралар шеңберінде екі елдің нарығында туристік өнімдерді ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Қазақстан мен Израиль арасында тікелей әуе қатынасын іске қосу мәселесі талқыланды

Өз кезегінде Йоэл Развозов туризм саласындағы өзара қарым-қатынас әлеуетін жоғары бағалап, бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Оның айтуынша, коронавирус шектеулерінен зардап шеккен сала, ол-туризм.

Өзгелердің жаңалығы