Қазақстан мен Италия кәсіпкерлері Астанада бас қосады

Бүгiн, 08:05
124
Бөлісу:
Қазақстан мен Италия кәсіпкерлері Астанада бас қосады
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Қазақстан мен Италия кәсіпкерлері биыл Астанада өтетін бизнес-форумда бас қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Астанада Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен қазақ-италия сауда қауымдастығының президенті Марко Беретта кездесті. Бұл кездесу министрдің қазан айындағы Италиядағы миссиясының жалғасы болды.

Тараптар сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту және екіжақты сауда көлемін ұлғайту мәселелерін талқылады. Экспорттық-импорттық жеткізілімдер тізбегін жақсарту қажеттілігі айтылды.

2024 жылдың 11 айында тауар айналымы 18,2 млрд долларды құрап, экспорт 27,3%-ға өсіп, 17 млрд доллар болды.

Министр авиатасымалдың логистикадағы рөлін атап өтті. Жүк рейстерін итальяндық "Neos" компаниясы орындайды.

"Ansaldo" компаниясының Қазақстанда электр турбиналарын өндіру қызығушылығы талқыланды.

Қазақстан-Италия бизнес-форумын ұйымдастыру жоспарланды, оған 100-ге жуық компания мен 200-ден астам бизнес өкілі қатысады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы