Қазақстан мен Германия бірлескен жобаларды жүзеге асырады

17 Қыркүйек 2024, 22:47
380
Бөлісу:
Қазақстан мен Германия бірлескен жобаларды жүзеге асырады
Фото: Ұлттық экономика министрлігі

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ГФР Экономика және климатты қорғау Федералдық министрлігінің парламенттік статус-хатшысы Михаэль Кельнермен және Германия бизнесінің капитандарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Кездесуде екіжақты экономикалық қатынастарды дамытудың жаңа мүмкіндіктері, әсіресе денсаулық сақтау, жаңартылатын энергетика, агроөнеркәсіптік сектор, көлік-логистикалық және өнеркәсіптік өндіріс сынды салалар талқыланды.

Вице-премьер Германия делегациясын қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру бойынша елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Ол Салық кодексінің негізгі тәсілдері, сондай-ақ экономиканың стратегиялық салаларындағы 200-ден астам инвестициялық жобаларды қамтитын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспарын қабылдау туралы айтып берді.

Болашақта Қазақстанға Германиядан ірі инвесторларды тарта алатын диалог болды. Елде бизнесті ыңғайлы дамытуға және әртүрлі жобаларға инвестиция салуға мүмкіндік беретін жағдайлар бар. Бұған қоса, өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру үшін жабдықтар мен технологияларды импорттау, сондай-ақ отандық машина жасау өнімдерін экспорттау процестерін жеңілдету мәселесін талқыладық, - деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Өз кезегінде Михаэль Кельнер еліміздің инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі күш-жігерін оң бағалап, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін тығыз экономикалық ынтымақтастыққа ниет білдірді.

Өзгелердің жаңалығы