Қазақстан мен Эстония адамдарды реадмиссиялау жөнінде келісті

20 Желтоқсан 2023, 13:52
450
Бөлісу:
Қазақстан мен Эстония адамдарды реадмиссиялау жөнінде келісті
Фото: invest.gov.kz

Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасын Ішкі істер министрі Ержан Саденов таныстырды.

Мәжіліс 2022 жылғы 15 желтоқсанда Астанада қол қойылған Қазақстан мен Эстония үкіметтері арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялады. Құжат екі елдің құзыретті органдарының реадмиссия мәселелері бойынша ынтымақтастығын құқықтық тұрғыда реттейді, - деді ол.

Келісім Қазақстан мен Эстония азаматтарын, сондай-ақ осы елдердің аумағына келу, болу немесе тұру шарттарын орындамаған немесе орындауды тоқтатқан үшінші елдің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау және қайтаруды ұйымдастыру рәсімдерін жеделдетеді.

Өзгелердің жаңалығы