Қазақстан мен ЕО визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылады

27 Қаңтар 2024, 16:12
478
Бөлісу:
Қазақстан мен ЕО визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылады
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселесін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады.

Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:

  • визаға өтінім берудің біріңғай құжаттар топтамасын енгізу;
  • консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту;
  • өтінімдерді қарасудың мерзімін азайту;
  • көп мәртелік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы