Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында халықаралық әріптестік жөніндегі Еурокомиссар Йозеф Сикеламен кездесті.
Тараптар екіжақты күн тәртібін, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының биыл Брюссельге сапарының қорытындылары мен қол жеткізілген уағдаластықтарды қарастырды.
Кездесуде көлік және логистика, энергетика, цифрландыру және инвестиция салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселесіне назар аударылды. Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін тиімді пайдалану және Еуропалық Одақтың Global Gateway бастамасы аясындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты.