Қазақстан мен ЕО арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 31 жыл толды

3 Ақпан 2024, 19:30
641
Бөлісу:
Қазақстан мен ЕО арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 31 жыл толды
Фото: gov.kz

Қазақстан мен Еуропалық Одақ дипломатиялық қатынастардың орнатылуының кезекті, 31 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тарихи тұрғыдан, осы қысқа уақыт ішінде тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларды қоса алғанда, стратегиялық әріптестік саласын едәуір кеңейтті, сондай-ақ «Орталық Азия-Еуропалық Одақ» өңіраралық диалогы шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдете түсті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еурокеңестің Президенті Шарль Мишельмен Орталық Азия елдері көшбасшылары мен Еурокеңес Президентінің II кездесуіне (2023 ж. 2 маусым, Шолпан-Ата) және БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясына (2023 ж. 30 қараша, Дубай) бірлескен қатысуы шеңберінде кездесулері Астана және Брюссель арасындағы саяси диалогты едәуір күшейтті.

Қазақстан Республикасының Премьер – Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің қатысуымен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» Сыртқы істер министрлерінің бірінші, кеңейтілген кездесуінің қорытындысы бойынша 79 тармақтан тұратын жан-жақты өңіраралық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған кеңейтілген жол картасы қабылданды (2023 ж. 23 қазан, Люксембург).

Алматыда өткен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» II экономикалық форумы барысында (2023 ж. 18-19 мамыр) екі өңір арасындағы көлік дәліздерінің әлеуетін аңықтау мақсатында Орталық Азиядағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға бағытталған Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) егжей-тегжейлі баяндамасы ұсынылды. Атап айтқанда, ЕҚДБ зерттеуінде ең орнықты көлік желісі ретінде айқындалған Оңтүстік Қазақстанда өтетін Орталық Транскаспий желісінің бәсекеге қабілеттілігі мен операциялық тиімділігі атап көрсетілген.

Осы орайда, 2024 ж. 15 қаңтарда Еуропалық Комиссияның Вице-президенті Маргаритис Схинастың «Транскаспий халықаралық көлік бағытын» (ТМТМ, «Middle corridor») дамыту саласындағы екіжақты және өңірлік кооперацияны ілгерілету үшін Астанаға сапары өтті.

Бірінші инвестициялық форумның жұмысына Орталық Азия мен Еуропа арасындағы тұрақты көлік байланысына Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев бастаған 25-тен астам қазақстандық компаниялар мен салалық ұйымдардың өкілдері қатысты (2024 ж. 29-30 қаңтар, Брюссель), онда еуропалық тарап Орталық Азиядағы көлік саласын дамыту үшін 10 млрд еуро бөлуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, қазақстандық тарап еуропалық серіктестермен, оның ішінде Еуропалық инвестициялық банкпен 820 млн еуро сомасына 4 меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерінің бірі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ішкі істер жөніндегі Еурокомиссары Илвы Йоханссон арасындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ЕО визалық режимін жеңілдету мәселесі бойынша консультациялар бастау туралы қол жеткізілген уағдаластықтар деп атауға болады.

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен Еуропалық Парламент депутаттарының өзара сапарларының арқасында Парламентаралық байланыстардың жоғары динамикасы сақталуда. Мәселен, 2024 ж. 17 қаңтарда Еуропалық Парламент депутаттары ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясын бағалау жөніндегі бірінші баяндама-қарар қабылдады, онда Қазақстан Республикасының Президентінің саяси реформалары мен Қазақстан-ЕО ынтымақтастығының перспективаларына жоғары баға беріледі.

ҚР-ЕО қатынастарында инвестициялық–экономикалық бағыт айтарлықтай жанданды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бастаған қазақстандық делегация алғаш рет Еуропалық Комиссияның жыл сайынғы «Шикізат апталығына» ЕО-ның сыни шикізат саласындағы стратегиялық серіктесі ретінде қатысты (2023 ж. 13-17 қараша, ж. Брюссель) тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жаңартылатын сутегінің қосылған құн тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы ҚР мен ЕО арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселелері қаралған.

ҚР-ға еуропалық озық тәжірибе мен технологияларды тарту, сондай-ақ қазақстандық өнімдер үшін еуропалық нарықты ашу мақсатында ауыл шаруашылығы және АӨК саласындағы ынтымақтастық дамыды. Мамыр айында еурокомиссар Януш Войчеховскийдің сапары ЕО-ның агроазық-түлік секторының жоғары лауазымды өкілдерінің бизнес-делегациясының сүйемелдеуімен, сонымен қатар Еуропалық Комиссияның «Inter-Food Астана» көрмесіне қатысуымен жоспарланған.

Бүгінгі таңда ЕО Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 30%-ға жуығын құрайтын ҚР-ның жетекші сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі болып қалуда. 2023 ж. қаңтар – қараша кезеңіндегі тауар айналымы 37,7 млрд АҚШ долларын (+3,2%) құрады. 2022 ж. бұл көрсеткіш 40 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 38%-ға жоғары.

Осы тұрғыда, Қазақстан еуропалық серіктестермен өзара мүдделер мен құрметке негізделген Еуроодақпен прагматикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін тығыз жұмыс істеуге ниетті.

Өзгелердің жаңалығы