Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасының ынтымақтастық нәтижелері талқыланды

18 Шілде 2023, 18:44
766
Бөлісу:
Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасының ынтымақтастық нәтижелері талқыланды
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

ҚР Ұлттық экономика министрі БҰҰ өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, саясат және бағдарламаларды қолдау бюросының директоры Хаолян Шумен кездесті. 

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасының, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жемісті ынтымақтастық нәтижелерін талқылады. 

Біз БҰҰДБ-мен өңірлік дамуды қамтитын өркендеудің басым бағыттары бойынша әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенімізді атап өткім келеді, - деді Қуантыров. 

Өз кезегінде Хаолян Шу жаңа технологияларды мемлекеттік басқару процестеріне интеграциялау, сондай-ақ жастар саясатын дамыту қажеттігін атап өтті.

Қазақстан – технологиялық даму әлеуеті өте жоғары ел. Менің ойымша, БҰҰДБ сіздермен өңірлік теңсіздікті азайтуға, цифрландыруды ілгерілетуге және жастардың дамуына жағдай жасауға бағытталған жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыру тұрғысынан ынтымақтастық жасау өте қызықты болуы мүмкін, - деді Хаолян Шу.

Сондай-ақ ҰЭМ басшысы БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Салсиа Алишахбанамен кездесті. 

Кездесуге қатысушылар мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын, соның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия – Еуропа бағытындағы жерүсті көлік бағыттарын дамытуды қарастырып, сондай-ақ теңізге шыға алмайтын елдердегі климаттың өзгеруімен күресу шараларын талқылады.

Өзгелердің жаңалығы