Қазақстан мен Бразилия екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті

Бүгiн, 01:37
108
Бөлісу:
Қазақстан мен Бразилия екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Бразилия Федеративтік Республикасының Елшісі Марсело Фортуна Биатомен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

А.Рахметуллин биылғы жылы халықаралық сахнадағы бразилиялық дипломатияның белсенді рөлін атап өтіп, Белемдегі БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP30) және Рио-де-Жанейродағы БРИКС саммиті сияқты алдағы іс-шаралардың сәтті өтуін тіледі.

Қорытындылай келе, тараптар екіжақты және көпжақты деңгейлерде өзара тиімді диалогты тереңдетуді жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы