Қазақстан мен Бахрейн СІМ басшылары ынтымақтастық мәселесін талқылады

4 Мамыр 2022, 22:30
1249
Бөлісу:
Қазақстан мен Бахрейн СІМ басшылары ынтымақтастық мәселесін талқылады
Фото: ынтымақтастық мәселелерін талқылап

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид әл-Заянимен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар бір бірін  Ораза айт мерекесімен және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтады. Саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін растады.

Сондай-ақ министрлер көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, қолдаулармен алмасуға уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы