Қазақстан мен Армения 27 жыл бұрын дипломатиялық қарым-қатынас орнатты

27 Тамыз 2019, 13:09
6252
Бөлісу:
Қазақстан мен Армения 27 жыл бұрын дипломатиялық қарым-қатынас орнатты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылғанына 27 жыл толады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.


Қазақстанның Армениядағы елшісі – Тимур Оразаев, Арменияның Қазақстандағы елшісі – Гагик Галачян.

"Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сапармен Ереванда 2001 жылдың мамырында болған, ал 2010 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бейресми Саммитіне қатысты. Қазақстан көшбасшысының 1991 жылы бітімгерлік миссиясымен Степанакертке болуы да ұмытылмас. Арменияның басшылары да біздің елімізге бірнеше рет сапарлармен келіп кеткен", - деп хабарлады министрлікте.

Екіжақты қарым-қатынастарды реттейтін негізгі құжаттардың ішінде Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың негізі туралы келісім (1993 жылғы 19 қаңтар) және 2019 жылы 2 қыркүйекте қол қойылғанына 20 жыл толатын Екі мемлекет арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы келісім. Жалпы келісім-құқық базасын 34 халықаралық шарт құрайды.

СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, екіжақты Үкіметаралық комиссиясы сауда-экономикалық қатынастарды үйлестіріп, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-білім салаларындағы байланыстардың одан әрі дамуына ықпал беруде. Парламентаралық ынтымақтастық халықаралық парламенттік құрылымдар шеңберінде де, екі жақты негізде де жүйелі және тұрақты сипатқа ие. Екі елдің парламенттерінде Достық топтары белсенді жұмыс істейді.

2018 жылы екіжақты тауар айналымы көрсеткіштерінің жақсаруы бизнес жүргізу шарттарын жеңілдету үшін ЕАЭО аясында құрылған тетіктердің тиімділігін растайды, алайда ынтымақтастықтың жаңа нысандарын одан әрі іздестіру талап етіледі, өйткені сауда әлеуеті толық іске асырылмаған.

2018 жылы екіжақты тауар айналымы 13,5 млн АҚШ долларын құрады. Екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті зор, сондықтан барынша сұранысқа ие қазақстандық экспорттық тауарлар үшін армян нарығының тауашасын табу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстанда армяндық капиталдың қатысуымен 305 заңды тұлға, филиал мен өкілдіктер тіркелген, олардың ішінен 202-сі жұмыс істеуде. 2005 жылдан бастап 2019 жылдың бірінші тоқсанына дейінгі кезеңде Армениядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 1,2 млн АҚШ долларын, ал Қазақстаннан Арменияға 56,2 млн АҚШ долларын құрады.

"Мәдени-гуманитарлық тұрғыда Армения өзінің тарихи ескерткіштері мен мәдени мұрасымен қызықты. Қазақтар мен армяндардың тарихи тамыры қыпшақ қоныстары ежелгі Арменияның аумағында пайда болған ғасырлар бойы кетеді. Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттық ата-бабаларымыздың қарым-қатынасын байытады және осындай қатынастардың іздерін бүгін де табуға болады", - делінген хабарламада. 

Атап айтқанда, қыпшақ ермендері мен үзеңгілері бар адамдар мен жылқыларды бейнелейтін балбал тастар, архитектуралық ғибадат құрылыстары мен т.б. Ал әлемдегі көне қолжазбалардың ең ірі қоймаларының бірі-Еревандағы әулие Месропа Маштоц атындағы "Матенадаран" ежелгі қолжазбалар институтында 17 мыңға жуық қолжазбалар сақталған. 2016-2017 жылдары "Матенадаран" қорынан Орталық Азия мен Қазақстан тарихы бойынша орыс және армян тілдерінде 40 тарихи еңбектердің көшірмелері алынды.

2010 жылдан бастап Қазақстан елшілігінің қолдауымен Ереван мемлекеттік университетінің Түркітану кафедрасында Қазақ тілі, мәдениет және тарих орталығы жұмыс істейді.

Қазіргі заманғы қазақстандықтардың жадында өз отанын ұмытылмастай шығармашылықпен танытқан армян мәдениет қайраткерлері туралы естеліктер бар: олар композитор Арам Хачатурян мен Арно Бабаджанян, актер Фрунзик Мкртчян және опера әншісі Гоар Гаспарян және т.б. Ал, Хорен Оганесян мен Левон Иштоянды қазақстандық жанкүйерлер мен спорттық сарапшылар әлі де құрметтейді.

"Біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастардың маңызды факторларының бірі Қазақстанда тұратын үлкен армян диаспорасы болып табылады. Армяндардың Қазақстанда 11 қалада өздерінің ұлттық-мәдени орталықтары бар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Елдің заң шығарушы органы – Парламент Мәжілісінде ұсынылған", - деп қорытындыланған таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ, тура бүгін Қазақстан мен Әзербайжан дипломатиялық қатынасына да 27 жыл толды.

Өзгелердің жаңалығы