Қазақстан-Латвия арасында транзит саласындағы ынтымақтастық талқыланды

4 Наурыз 2023, 15:52
1098
Бөлісу:
Қазақстан-Латвия арасында транзит саласындағы ынтымақтастық талқыланды
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов жаңадан тағайындалған Латвия Республикасының Байланыс министрі Янис Витенбергспен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу басында Т. Пірімбетов сұхбаттасын жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жұмыста табыс тіледі. 

Сұхбат барысында тараптар транзит-көліктік саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын жан-жақты талқылап, екі мемлекет үшін де осы саладағы ынтымақтастықтың басым маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен бейінді ведомстволар тарапынан транзит-көліктік саласындағы, оның ішінде қолданыстағы екіжақты әкімшілік тетіктер - Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясы, Көлік жөніндегі жұмыс тобы және Аралас көлік комиссиясы шеңберіндегі маңызды жобаларды барынша мұқият қарау және сүйемелдеу қажеттілігі атап өтілді. 

Тараптар сондай-ақ бірқатар маңызды іс-шаралар мен сапарларды қамтитын ағымдағы жылға арналған бірлескен жоспарларды қарастырды. Атап айтқанда, биыл маусым айының басында Астана халықаралық форумына Латвия өкілді делегациясының қатысуы, осы айда Латвияда Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің көлік саласы мамандары мен іскер топтарының қатысуымен өңірлік бизнес-форумын өткізу туралы сөз қозғалды. 

Өзгелердің жаңалығы