Өрт-құтқару спорты бойынша чемпионаттың соңғы күнінде қазақстандық қыздар командасы "жауынгерлік қанат жаю" бойынша чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айта кетейік, өрт-құтқару спортынан жасөспірім ұлдар арасындағы XIII әлем чемпионаты мен жасөспірім қыздар арасындағы IX әлем чемпионатында (үшінші күн) спортшылар "4х100 метрлік өрт эстафетасы"түрінен бақ сынасты.
Чемпионаттың үшінші күнінің қорытындысы бойынша: жалпы командалық есепте бірінші орынды Ресей Федерациясының командасы, екінші орынды Беларусь Республикасы, үшінші орынды Қазақстан Республикасы иеленді. Словакия Республикасы төртінші орында.
Жасөспірім қыздар арасында бірінші орынды Ресей Федерациясының командасы, екінші орынды Беларусь иеленді, Қазақстан Республикасының командасы үздік үштікті жапты.