Қазақстан кімге керек бізден басқа? – Нағимуша

25 Шілде 2022, 15:40
2942
Бөлісу:
Қазақстан кімге керек бізден басқа? – Нағимуша

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің танымал блогері Нағимуша Қазақстанға келіп, қаңтар оқиғасынан кейін дүниетанымының өзгеріп, құндылықтарын қайта қарастырғанын айтты.  

Жылытатын, ар жақта (Чехияда) көмектесетін тек қана әнім, тілім, бүкіл ойым Қазақстан туралы, - деді блогер. 

Қазір жолдасымен Чехияда тұрып жатқан Нағима «Көзтиед» YouTube жобасына берген сұхбатында Қазақстанды қатты сағынатынын айтты. Әсіресе үш күн ата-анасымен байланыса алмай қалған қаңтар оқиғасы оны есейткенін, бұрын-соңды ойламаған дүниелерге ой жүгіртіп, құндылықтарының өзгергенін атады. 

Қазақстан кімге керек бізден басқа? Тіліміз кімге керек бізден басқа? Салт-дәстүр кімге керек? Ешкімге. 27-демін, соны бірінші рет ойладым өмірімде. Ұят! Қорықтым, жаман қорықтым, бүкіл Қазақстаным үшін қорықтым, - деді ол.

Сондай-ақ блогер қаңтар оқиғасы басталған кезде елге жете алмай, басқа елдерде қалған 7500 қазақстандыққа көмектесу үшін ашылған Telegram-дағы «Шри-Ланкада қалған қазақстандықтар», «Түркияда қалған қазақстандықтар» деген сияқты топтарды Чехияда отырып жарнамалағанын, сондағы мыңдаған адамдардың бір-біріне қол ұшын созғанын көзіне жас алып айтып берді. Оған қоса, Нағима шетелдегі студенттердің Алматыдағы ата-аналарымен байланысуына көмектескен. 

Сұхбат соңында Нағима мемлекеттік тілді қолға алғанын айтты. 

Бүгін тырыстым. Кәдімгідей тырыстым. Қазақ сөздерін еске түсіріп дайындалдым. Тәжірибем азайды. Бірақ ар жақта (Чехияда) отырсам да, күнде Арай деген досыма звондаймын. Күнде қазақша сөйлесеміз, - деді ол.  

Өзгелердің жаңалығы