Қазақстан-Израиль арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта қосу ұсынылды

8 Тамыз 2019, 16:16
2519
Бөлісу:
Қазақстан-Израиль арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта қосу ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Лиат Вексельманды қабылдады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.

«Израиль Қазақстан үшін озық агро-технологияларды, киберқауіпсіздік пен басқа да инновациялық әзірлемелерді енгізу саласындағы серіктес болып табылады. Біздің мемлекеттер арасында берік және сенімді қатынастар қалыптасты», - деді СІМ басшысы.

б.jpg

Қазақстандық кәсіпкерлер израильдік компаниялардың озық әзірлемелерімен таныса алатын израильдік технологиялардың арнайы орталығын құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы болып саналады, онда Израильде фермерлік шаруашылықтарды, тамшылатып суаруды қолдану арқылы егіс алқаптарын тиімді дамытуда үлкен тәжірибесі бар.

Лиат Вексельман Израиль Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді рөлін және оның әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Израиль елшісі іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды жандандыру үшін Қазақстан мен Израиль арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта қосу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың орта мерзімді перспективаға арналған басым бағыттары белгіленді.

Өзгелердің жаңалығы