Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Қазақстандағы визасыз елдердің тізімін жүзге дейін ұлғайтып, елімізге шетелдіктерді еркін кіргізуді жоспарлап отырғандарын айтты.
Биыл Қазақстан ішкі туризм бойынша рекордтық көрсеткіш – 6,9 миллион туристке жетті. Бұл – 2019 жылмен салыстырғанда ең жақсы көрсеткіш, – деді Ержан Еркінбаев.
Вице-министрдің айтуынша, еліміз осы жылы 500 мыңнан бір миллионға дейін шетелдік туристерді қабылдауға дайындалып жатыр.
Шекаралар жабылып, пандемияға байланысты шектеулер енгізілді. Бүгіннен бастап барлық шектеулер алынып тасталды. 74 елге визасыз режим қайтарылды. Бұл тізімді 100-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сөзбе-сөз кешеден бастап электронды визаларды беру қайта жанданды. Иран, Қытай, Үндістан азаматтары үшін визасыз режимді енгізу мәселесі пысықталуда", – деді Ержан Еркінбаев.