«Қазақстан халқына». Университет ұжымы бір күндік жалақысын аударды
16 Қаңтар, 15:20 736

«Қазақстан халқына». Университет ұжымы бір күндік жалақысын аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраудағы университет ұжымы «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударды. С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ұжымы осындай шешім қабылдады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылғаны белгілі.

Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталады. Сонымен қатар зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіледі. Ал, қиналған жанға көмек беру – баршамыздың әлеуметтік жауапкершілігіміз. «Күшіміз – бірлікте» дейтін болсақ, осындай нақты шаралар арқылы бір-бірімізге көмектесе аламыз. Президент тапсырмасымен құрылған қор әлеуметтік қолдау бағытындағы проблемаларды шешуге, қоғамды біріктіруге ықпал етеді деген сенімдеміз, - деп атап өтті білім ордасының ректоры Гүлзада Шакуликова.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...