«Қазақстан халқына» қоры тағы 16,5 млрд теңгеге толықты

1 Ақпан 2022, 14:30
1701
Бөлісу:
«Қазақстан халқына» қоры тағы 16,5 млрд теңгеге толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан халқына» қоры тағы 16,5 млрд теңгеге толықты . 29 қаңтардан 31 қаңтарға дейінгі кезеңде жарналар енгізілді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

- «Altyntau Kokshetau» АҚ – 6 млрд 470 млн теңге;

- «Казцинк» ЖШС – 5 млрд 855 млн теңге;

- «КаР-Тел» ЖШС – 2 млрд теңге;

- «Жәйрем КБК» АҚ – 675 млн теңге;

- Цхай Яков Андреевич – 500 млн теңге;

- «MabetexGroup» компаниясы – 500 млн теңге;

- «AlSolutions» ЖШС – 300 млн теңге;

- «САУТС ОЙЛ» ЖШС – 200 млн.теңге. 

Жалпы, бүгінгі таңда қорға 109,8 млрд. теңге аударылған. Бұл қаражат ағымдағы жылдың 16 қаңтары мен 31 қаңтары аралығында алынды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін қор жылына кемінде 100 миллиард теңге көлемінде қаражат жинайды деп болжанған болатын. Болжамдық есептеулер шетелдік және халықаралық компаниялардан қаражат алуды көздемеген. 

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдіреді.

«Қазақстан халқына» ҚҚ шотына қайырымдылықты келесі деректемелердің бірі бойынша жүргізуге болады:

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, «Kaspi Bank» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ0896503F0010863168 KZT, «ForteBank» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ34821AGLBY10000001 KZT, «Bank RBK» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ66998BTB0001436729 KZT, «First Heartland Jusan Bank» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ078562203115118091 KZT, «Банк ЦентрКредит» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999,Кбе 18, KZ6594805KZT22034070 KZT, «Евразийский банк» АҚ.

 

Өзгелердің жаңалығы