«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге ақшалай төлем жасай бастады

6 Наурыз 2022, 10:28
2014
Бөлісу:
«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге ақшалай төлем жасай бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметшілері және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне қаза тапқан 19 және ауыр жарақат алған 106 қызметкердің отбасы мүшелеріне көмек ретінде материалдық төлемдерді бастады.

«Қазақстан халқына» қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, төлемдер жоғарыда аталған мемлекеттік органдардан алынған ресми тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Бұл санаттағы жәбірленушілерге арналған төлемнің жалпы сомасы 451 миллион теңгені құрайды.

Еске салайық, бұған дейін Қамқоршылық кеңес Қор басқармасына қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметкерлердің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне белгіленген сомаларды төлеуді тапсырған болатын. Сондай-ақ кеңеске адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қорға ұсынған тізімдерінен кездейсоқ зардап шеккен азаматтардың өлімінің мән-жайын құзырлы органдармен бірлесіп пысықтау тапсырылды.

Қор уәкілетті мемлекеттік органдардан тиісті ресми мәліметтер алғаннан кейін осы санаттағы қаза болғандардың туыстарына төлемдерді жүргізуді бастайды. 

 

Өзгелердің жаңалығы