"Қазақстан халқына" қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы сайланды

13 Маусым 2023, 16:23
868
Бөлісу:
"Қазақстан халқына" қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы сайланды
Фото: "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры

Қайырбек Сүлейменов «Қазақстан халқына» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың 12 маусымында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Қамқоршылық кеңес төрағасының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Қор Жарғысының 5.6-тармағына сәйкес ашық дауыс беру нәтижесінде Қайырбек Сүлейменов бір ауыздан «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды.

Қайырбек Сүлейменов - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Халық қаһарманы, «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы. 2022 жылдың қаңтарынан бастап Қордың Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, 2022 жылдың маусымында Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланды.

Еске салсақ, Қамқоршылық кеңес - Қордың жоғары басқару органы және Қор қызметінің жарғылық мақсаттарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады. Кеңес Қор қызметінің стратегиялық бағыттары мен оның міндеттерін айқындайды, бюджетті бекітеді, басқа да бақылау және ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырады. Қамқоршылық кеңес мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде атқарады.

Өзгелердің жаңалығы