Қазақстанның соңғы жаңалықтары

«Қазақстан халқына» қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың жанұяларына 7 млн теңгеден береді

16 Қыркүйек 2022, 14:14
1201
Бөлісу:

 «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының қорытынды конференциясының брифингінде  Қор төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаев қаңтар оқиғасына қатысты көрсетілген көмек туралы айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

19 жанұяға 133 млн теңге 7 млн теңгеден бөлдік. 111 отбасыға 333 млн теңге 3 млн-нан бөлінді. Қаза тапқан азаматтардың жанұяларына 7 млн теңгеден берілді. Жарақат алған 6 баланың жанұясына 3 млн-нан бердік. Біздің қордан 157 адам көмек алды. Кейбір азаматтар өздерінің жеке мәліметі туралы айтпауды ұсынды, - деді ол. 

Өз кезегінде Қор төрағасы Болат Жәмішев жараланған әскери адамдар да 3 млн теңгеден алғанын айтты. 

Қайтыс болған әскерилердің отбасылары 7 млн теңгеден, қаза болған қарапайым адамдардың жанұяларына да 7 млн теңге төленді. Олар қақтығыстарға қатыспаған бейбіт адамдар. Жақын арада Бас прокуратура үлкен тізім береді. Онда қанша адам болса да, біз олардың жанұяларына 7 млн теңге төлемақы төлейміз. Бізге адамдардың қаза болған себебін тек Бас прокуратура ғана бере алады, - деді Жәмішев. 

Қорға қатысты арнайы сауалнама да жүргізілген. Оның  аясында ҮЕҰ өкілдерінен барлығы 400 ұсыныс түскен.

Өзгелердің жаңалығы