Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көмекке мұқтаж қазақстандықтар, сондай-ақ жан-жақты көмек көрсетуге ниет білдірген демеушілер өз өтініштерін «Қазақстан халқына» қорының цифрлық платформасы арқылы бере алады.
Сонымен қайырымдылық көмекке қалай жүгінуге болады?
Қор қызметінің ауқымдылығын ескере отырып, Қор қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық салаларында сараптама жасай алмайды және Республиканың бүкіл аумағында орналаса алмайды. Сонымен қатар, Қазақстанда қажетті сараптамасы бар, географиялық тұрғыдан еліміздің барлық аймақтарында орналасқан және халықтың мәселелерін шешуде айтарлықтай тәжірибесі бар ҮЕҰ-лардың саны өте көп.
Сондықтан қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру үшін Қор бұрыннан бар үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттесетін болады.
Өтінім беру
atamekenim.kz цифрлық порталы арқылы көмек алу туралы өтініш беріңіз
Деректерді тексеру
Сіз жататын халықтың санаттарымен жұмыс істейтін және өтініміңізді қабылдауға дайын ҮЕҰ деректер базасын пайдаланып мәліметтеріңізді тексереді немесе қажет болған жағдайда сізден қосымша құжаттарды сұрайды.
Қорға құжаттарды тапсыру
ҮЕҰ-дан жиналған құжаттар пакеті өтініштерді қарау және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасайтын Қордың бөлімшесіне жіберіледі. Қаржыландыру көлемі анықталғаннан кейін өтінім Сараптамалық комитеттің қарауына беріледі.
Өтінішке баға беру
Құрамына ҮЕҰ, қоғам, мемлекет органдар өкілдері, жергілікті және халықаралық сарапшылар кіретін Қордың Сараптамалық комитеті өтінішіңізге жан-жақты баға береді.
Түпкілікті шешім
Сараптамалық комитеттің бағасы бар өтінішіңізді Қор Басқармасы қарайды, олар оны қаржыландыру туралы шешім қабылдайды. Егер ол Қордың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмесе, өтінім қабылданбауы мүмкін.
Қаржыландыру
Басқарма мақұлдағаннан кейін сіздің өтінішіңіз қаржыландырылады. Әдетте, қаражат сіздің өтінішіңізді орындайтын ҮЕҰ шотына аударылады.
Атаулы көмек
Тұжырымдамаға сәйкес, бірінші кезекте Қордан көмек алатын халықтың келесі санаттары анықталды.
Ауыр, сирек кездесетін аурулары мен мүгедектігі бар балалар
Қиын жағдайдағы балалар
Жетімдер
Болашақта аурулар мен мүгедектіктің даму қаупі бар нәрестелер
Өмір сүру жағдайлары ең төменгі табыс пен тұрғын үй стандарттарына сәйкес келмей, өміріне қауіп төнетін балалары бар отбасылар
Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау немесе адамдардың өмірін құтқару кезінде қаза тапқан немесе ауыр жарақат алған құқық қорғау органдары, арнайы органдар, ҰҚК қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасылары
Сирек кездесетін аурулары бар ересектер
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккендер
Даму бағдарламалары
Тұжырымдамаға сәйкес, бірінші кезекте Қор есебінен қаржыландырылатын даму бағдарламаларының келесі бағыттары белгіленді.
Балаларға арналған спорттық және білім беру инфрақұрылымын, сондай-ақ басқа да әлеуметтік маңызды қызметтерді дамытуға және қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу
Мүгедек, ауру немесе әлеуметтік бейімделу проблемасы бар баланы асырап алған, қамқоршылық немесе патронаттық тәрбиеге алынған отбасыларға көмек
Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету үшін білім беру орындарымен өзара әрекеттесу
Болашақта балалардың аурулары мен мүгедектігінің ықтимал дамуын болдырмау үшін нәрестелерге медициналық қызмет көрсетуді дамытуға және қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу
Жетім балалардың бейімделуіне көмек көрсету
Мүгедектердің (балалар мен ересектердің) әлеуметтік дағдыларды меңгеруіне және спорттық протездер мен жабдықтарды пайдалануға бейімделуіне жәрдемдесу
Дарынды балалардың дамуына ықпал ету
Медициналық тәжірибені локализациялау
Қолжетімді медицина
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға жәрдемдесу.
Жалпы, бүгінгі таңда қорға 113,4 млрд теңге аударылған. Бұл қаражат ағымдағы жылдың 16 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында алынды.