Қазақстан халқы ассамблеясының XXXI сессиясы басталды

29 Сәуір 2022, 11:00
2855
Бөлісу:
Қазақстан халқы ассамблеясының XXXI сессиясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мемлекет басшысы, ҚХА Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясы басталды.

Күн тәртібіндегі тақырып: «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі».

Сессия жұмысына онлайн және офлайн форматында 700-ден астам адам қатысады. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.

Сессия қарсаңында Ассамблея мүшелері және сарапшылардың кең тобының қатысуымен сессияның қарауына шығарылатын мәселелерді секциялық талқылау өтеді.

Өзгелердің жаңалығы