Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы елдегі этностық құрам бойынша жаңартылған мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны – 20 532 240 адамды құрап отыр.
Ұлттар бөлінісіндегі көрсеткіш мынандай:
- Қазақтар – 14 664 202
- Орыстар – 2 943 022
- Өзбектер – 695 557
- Украиндар – 367 547
- Ұйғырлар – 309 164
- Немістер – 222 890
- Татарлар – 218 361
- Әзербайжандар – 157 568
- Кәрістер – 120 821
- Түріктер – 93 234
- Дүнгендер – 88 165
- Беларустар – 73 788
- Тәжіктер – 61 307
- Күрділер – 52 077
- Қырғыздар – 41 459
Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,6 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың.
Ал өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам.