Қазақстан геологтары 2026 жылы қанша жер қойнауын зерттейді

3 Сәуір 2025, 12:41
365
Бөлісу:
Қазақстан геологтары 2026 жылы қанша жер қойнауын зерттейді
Фото: автордан

Геолог күніне орай өткен жиында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев министрліктің жоспарын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін алдымызда Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған маңызды міндеттер тұр: жер қойнауын тереңдетіп зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ табиғи ресурстарды тиімді әрі экологиялық қауіпсіз пайдалану. Әсіресе, Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар сирек және сирек жер металдарының қорын арттыруға ерекше назар аударылып отыр, - дедң министр.

Ведомство басшысы геологтардың еңбектері арқасында биыл зерттелген жер қойнауының ауданы 2 миллион шаршы шақырымға жеткенін атап өтті. 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 2,2 миллионға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Жер қойнауын пайдалану саласында жүргізілген реформалар инвесторларды тартуға қолайлы жағдай жасап, саланың одан әрі дамуына ықпал етуде.

Геология саласының дамуы білікті мамандарсыз мүмкін емес. Министрлік жас мамандарды даярлау мен қолдауға ерекше көңіл бөледі. Біз «Жас геолог» қозғалысы болашақ кәсіби мамандарды тәрбиелейтін мықты алаңға айналатынына сенімдіміз, олар өз кезегінде саланың даңқты дәстүрлерін жалғастырады, - дейді Ерсайын Нағаспаев Геологтар күні қарсаңында өткен салтанатты жиында.

Өзгелердің жаңалығы