Қазақстан ерлер құрамасы грек-рим күресінен Испанияда топ жарды

24 Сәуір 2023, 08:26
946
Бөлісу:
Қазақстан ерлер құрамасы грек-рим күресінен Испанияда топ жарды
Фото: zakon.kz

Испанияның Ла-Нусия қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр. Бәсекеде грек-рим күресінен Қазақстан ерлер құрамасы 12 жүлдемен 1-орын иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның жетеуі алтын, төртеуі күміс және біреуі қола.

Жарыс нәтижесі келесідей:

1-орын

  • Ербол Камалиев (55 келі);
  • Азамат Құрман (60 келі);
  • Ержет Жарылқасын (63 келі);
  • Сұлтан Әсетұлы (67 келі);
  • Омар Сатаев (77 келі);
  • Мақсат Сайлау (87 келі);
  • Асылбек Әбдіқалық (130 келі).

2-орын

  • Асаухат Мұхамадиев (63 келі);
  • Ерсін Абыйр (55 келі);
  • Дәулет Жалғасов (77 кел);
  • Ерзат Ерланов (97 келі).

3-орын

Ерасыл Мамырбеков (55 келі).

Сондай-ақ әйелдер күресінен қазақстандық балуандар 8 алтын, 2 күміс медальмен екінші орын алды.

50 келідегі Эллада Махяддинова, Аяжан Маркашева (53 келі), Айнұр Әшімова (55 келі), Нилуфар Раимова (57 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Тыныс Дубек (62 келі), Альбина Қайыргелдинова (65 келі) және Анастасия Панасович (72 келі) алтыннан алқа тақты. Қоржынымызға түскен екі күміс медальді Ирина Кузнецова (62 келі) мен Іңкәр Жанатаева (76 келі) жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы