Қазақстан елшісі Түркияның Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрімен кездесті

26 Қыркүйек 2022, 20:37
767
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Түркияның Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрімен кездесті

Қазақстан елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркия Республикасының Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Дерья Яныкпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Министр Д.Янык екі елдің арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, отбасы құндылықтарын қорғау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, халықтың осал топтарына арналған әлеуметтік жәрдемақыларды жеткізу және тағы басқа бағыттарда тәжірибе алмасу бойынша қазақ тарапымен тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отырғанын айтты.

Елші Е. Сәпиев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында жариялаған халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жаңа бастамалар туралы ақпарат беріп, елдің өркендеуі үшін аса маңызды бұл салада түрік тарапымен тәжірибе алмасу бойынша өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға дайын екендігін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы