Қазақстан «елдің ішінде де, айналасында да бейбітшілік» қағидаттарын берік ұстанады

24 Қазан 2023, 11:54
629
Бөлісу:
Қазақстан «елдің ішінде де, айналасында да бейбітшілік» қағидаттарын берік ұстанады

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан егемен мемлекет ретінде әрдайым ұлттық мүддесіне сай келетін салмақты әрі сындарлы сыртқы саясат жүргізеді. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін аймақтық және жаһандық үдерістерде маңызды рөл атқарады. Біз әлемдік діндердің бір бірімен жақындасып, сындарлы диалог орнатуына күш саламыз. 

Қазіргі заманда мемлекеттердің ұжымдасып күш жұмылдыруы және дипломатияны даналықпен әрі жоғары кәсібилікпен жүргізуі әлемде ұзақ уақыт бойы тұрақтылық орнауына, елдердің жаппай дамуына, БҰҰ-ның Жарғысына негізделген әділетті халықаралық қатынастар жүйесі құрылуына жол ашады. Қазақстан «елдің ішінде де, айналасында да бейбітшілік», «әралуандық арқылы – бірлікке» деген қағидаттарды әрдайым берік ұстанады, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы