Қазақстан дүниежүзілік жазғы Универсиадада 20-орынға тұрақтады

8 Тамыз 2023, 18:02
799
Бөлісу:
Қазақстан дүниежүзілік жазғы Универсиадада 20-орынға тұрақтады
Фото: BAQ.KZ

Чэнду қаласында (Қытай) өткен ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада қазақстандық спортшылар 20 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің телеграмм арнасында жазды.

28 шілде мен 8 тамыз аралығында өткен Универсиадаға 90 спортшыдан құралған қазақстандық студенттер құрамасы спорттың 11 түрінен (садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, семсерлесу, дзюдо, ушу және т.б.) қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ел спортшылар 20 медаль жеңіп алды: екі алтын, жеті күміс және 11 қола. Келесі спортшылар марапаттарға ие болды:

Рита Бакишева – «алтын» (таэквондо);

Милад Карими – «алтын», «күміс» және «қола» (көркем гимнастика);

Нариман Құрбанов – «күміс» (көркем гимнастика);

Никита Чирюкин - «күміс» (ату);

Никита Шахторин, Ислам Сәтбаев, Константин Малиновский – «күміс» және «қола» (ату, құрама);

Елжана Таниева – екі «күміс», «алтын» (көркем гимнастика);

Диана Тұрсынбек – «күміс» (садақ ату);

Асқар Нарқұлов – «қола» (дзюдо);

Бекарыс Сәдуақас – «қола» (дзюдо);

Сұңғат Жұбатқан – «қола» (дзюдо);

Бексұлтан Мұсахан, Абдурахман Марипов, Бейбарыс Қаблан, Шамсат Дүйсенов – «қола» (таэквондо, команда)

Жанат Нәбиев, Назарбаев Саттархан, Артём Саркисян – «қола» (семсерлесу, команда);

Әділбек Мусин – «қола» (жүзу);

Әйгерім Төреханова – «қола» (ушу)

Бексұлтан Қоскенов – «қола» (ушу).

Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте 119 елдің арасынан 20-орынға тұрақтады.

Өзгелердің жаңалығы