Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жасаған үндеуінде айтты.
Біз бірге Тәуелсіз Қазақстанды құрдық, әлеуметтік-экономикалық дамуда үлкен жетістіктерге жеттік. Орталық Азияда ғана емес, ТМД елдерінде де көп көрсеткіштер бойынша көшбасшы болдық. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта танымал және беделді мемлекетке айналды. Бұл барша қазақстандықтардың ынтымағы мен бірлігінің жемісі, - деді Елбасы.
Ол елдегі тұрақтылық пен тыныштық оның мақсаты болғанын айтты.
Біз бәріміз осы мәңгілік құндылықтарды қастерлеуіміз керек. Біз дағдарыстан міндетті түрде өтеміз және одан да күшейеміз. Президент халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа реформалар бағдарламасын алға тартты. Бұл бағдарламаны қолдау керек. Сіздерге, қымбатты жерлестер, денсаулық пен амандық тілеймін. Менің Мемлекет басшысы лауазымында жүргенімде жүргізген реформалар мен бастамаларымды қолдағаныңыз үшін алғыс айтамын, - деді Назарбаев.