Қазақстан денсаулық сақтау сапасы бойынша нешенші орында

8 Қараша 2022, 20:56
1130
Бөлісу:
Қазақстан денсаулық сақтау сапасы бойынша нешенші орында

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша елімізде амбулаториялық қызметтердің бағасы бір жылда 15,1%-ға өсті. Өңірлік бөліністе Түркістан, Қарағанды және Ұлытау облыстарының тұрғындары бағаның өсуін қатты сезінді, деп хабарлады BAQ.KZ Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл денсаулық сақтау жүйесінің сапасы бойынша елдер рейтингісінде Қазақстан 96-дан 58-ші орынды иеленді. Бұл рейтинг денсаулық сақтау мамандары мен жабдықтардың деңгейі және қызметтердің құнын бағалады.

ТМД елдерінің арасында Ресей, Армения, Украина, Әзірбайжан және Беларусь елдеріндегі көрсеткіштер Қазақстаннан да нашар. Рейтингті Тайвань, Оңтүстік Корея және Жапония елдері бастап тұр. Соңғы орында Мальта тұр.

Бағаның ең төмен жылдық өсуі Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау  облыстарында тіркелді.

Амбулаторияларда дәрігер-мамандардың қызметтері 18,2%-ға, дәрігердің алғашқы қабылдауы 16,8%-ға, стоматологиялық қызметтер 15,1%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 10,2%-ға қымбаттады.

2022 жылдың екінші тоқсанында денсаулық сақтау саласындағы қызметтер көлемі 733,4 млрд теңгені құрады - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай мәнде 2,7%-ға аз.

Өңірлік бөліністегі қызметтердің ең көп көлемі Алматыда болды: 140,3 млрд теңге — өткен жылмен салыстырғанда 19,1%-ға артық. Жетекші өңірлердің үштігіне елорда  және Қарағанды облысы кірді.

Өзгелердің жаңалығы