Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні. ДДСҰ-ның құрылғанына 75 жыл толып отыр. Біз әлем халқының денсаулығын нығайту жөніндегі Ұйымның қажырлы қызметін құптаймыз. Қазақстан денсаулық сақтау саласының барлығына қолжетімді әрі әділ болуын толық қолдайды, – деп жазды Мемлекет басшысы Твиттерге.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Дүниежүзілік денсаулық күні мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 75 жылдығына арналған іс-шаралар басталған болатын.
Елорданың Ботаникалық бағында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Мәдениет және спорт вице-министрі Сарсен Құранбек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі және Қазақстандағы ДДҰ елдік офисінің басшысы Скендер Сыла қатысқан «СӨЗДЕН ІСКЕ/ WALK THE TALK/ОТ СЛОВА К ДЕЛУ» ұранымен қысқа қашықтыққа жүгіру акциясы өтті.