Қазақстан делегациясы БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясына қатысып жатыр

Делегация басшысы Бас Ассамблеяның жалпы пікірталастарында сөз сөйлеп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын таныстырады.

 John Angelillo / Getty Images 23 Қыркүйек 2026, 02:27
23 Қыркүйек 2026, 02:27
69
Фото: John Angelillo / Getty Images

Қазақстан делегациясы Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы Жоғары деңгейдегі апталығына қатысып жатыр. Делегацияны Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басқарады. Жоғары деңгейдегі апталық 22–28 қыркүйек аралығында өтеді.

Биылғы сессияның тақырыбы – «Сенімді қалпына келтіру, өзгерістерді басқару: баршаға қызмет ететін БҰҰ». Күн тәртібінде бейбітшілік пен қауіпсіздік, орнықты даму, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау, адам құқықтары, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектті реттеу және БҰҰ реформасы мәселелері бар.

Қазақстан делегациясының басшысы Бас Ассамблеяның жалпы пікірталастарында сөз сөйлеп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын таныстырады. Бағдарламада БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, БҰҰ жүйесі мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен, сондай-ақ шетелдік әріптестермен бірқатар кездесулер жоспарланған.

Қазақстан делегациясы бұдан бөлек халықаралық және өңірлік ұйымдардың көпжақты кездесулеріне қатысады. Олардың қатарында ҰҚШҰ, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және теңізге шыға алмайтын дамушы мемлекеттер форматындағы кездесулер бар.

Сессия барысында Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және таратпау, орнықты даму, су және экологиялық күн тәртібі, адам құқықтары, жасанды интеллект пен цифрлық ынтымақтастық мәселелеріндегі бастамаларын ілгерілетуді көздейді.

Қазақстанның БҰҰ аясындағы бастамаларының қатарында Халықаралық су ұйымын және Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру жөніндегі ұсыныстар бар.

Наверх