Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан брендтері шын ба, әлде жай ғана жапсырма ма?

Олжас АДАЙ
Бүгiн, 10:00
232
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ коллажы
VIDEO
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда «Made in Kazakhstan» деген жазуы бар, бірақ шын мәнінде елде өндірілмейтін тауарлар көбейіп барады. Қағаз жүзінде отандық өнім ретінде тіркелгенімен, іс жүзінде олар шетелден дайын күйінде әкелініп, қазақстандық нарықта еркін сатылып отыр. Бұл мәселені BAQ.KZ тілшісіне сұхбат берген QazIndustry – Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның ірі кәсіпорындар айналасында ШОБ белдеуін құру жөніндегі дирекциясының басшысы Жансая Жақыпова ашық айтты.

Оның сөзінше, қазір нарықта саны бар, сапасы жоқ, бірақ «Қазақстанда өндірілді» деген құжаттары бар тауарлар жеткілікті. Ал шын мәнінде мұндай өнімдер ел аумағында шығарылмайды.

Реестрдің ең маңызды мақсаты – қағаздағы емес, нақты қазақстандық тауар өндірушіні анықтау. Біз Қазақстанда шынымен өндірілетін тауарлардың нақты тізбесін жасағымыз келеді, – дейді Жансая Жақыпова.

"Мұның шешімі қандай? Отандық өндірушілердің тізілімі не үшін жасалып жатыр?" Осы тақырыпқа қатысты толық сұхбатты YouTube-тегі BAQ.KZ арнасынан көре аласыз.

Видеода реестр қалай жұмыс істейді, кімдер іріктеуден өтеді және жалған «отандық өнімдерге» қандай тосқауыл қойылатыны нақты айтылады.

Өзгелердің жаңалығы