Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам адам іздеуде жүр

25 Қаңтар 2024, 12:16
1987
Бөлісу:
Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам адам іздеуде жүр
Фото: pixabay.com

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестірілуде, олардың 2 098 хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

  • Алматы қаласы - 278;
  • Қарағанды облысы-217;
  • Павлодар облысы-170;
  • Алматы облысы - 152 тіркелген.

Олардың арасында үйден кетіп, оралмаған - 1 572 адам, автокөлікпен жоғалған – 73, жұмыстан кеткен - 38. Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестірілуде.

Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша:

  • Алматы қаласында (496)
  • Астана қаласында (183)
  • Шымкент қаласында (149)
  • Алматы (164)
  • Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.

Өзгелердің жаңалығы