Қазақстан – Беларусь: 1:1

11 Маусым 2022, 07:35
1369
Бөлісу:
Қазақстан – Беларусь: 1:1

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан UEFA Ұлттар лигасының үшінші турында Қазақстан кезекті ойынын сырт алаңда Беларуське қарсы өткізді.

Ойын барысында қазақстандық футболшылар тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде бірінші кезеңнің 13-минутында Абат Айымбетов мергендігімен көзге түсті. Бұл – Абаттың аталған турнир барысында соққан үшінші голы. Бұдан бұрын өз алаңындағы Әзербайжанмен кездесуде ол қос голдың авторы атанған.

Екінші кезеңде Беларусь құрамасы таразы басын теңестіруге ұмтылды. Ойынның 85-минутында беларусьтік Владислав Малькевич гол соқты.

Кездесуде құрамалар 1:1 есебімен тең түсті. 

Алда Қазақстан 13 маусымда өз алаңында Словакияны қабылдайды. Үш ойыннан кейін Қазақстан 7 ұпаймен көш басында келеді. 

Өзгелердің жаңалығы