Қазақстан батыстың қару-жарағын сатып ала ма? – Қорғаныс министрлігінің жауабы

12 Қазан 2023, 12:05
808
Бөлісу:
Қазақстан батыстың қару-жарағын сатып ала ма? – Қорғаныс министрлігінің жауабы
Фото: Артём Чурсинов - архив

Еліміздің қорғаныс саласы қару-жарақты қай мемлекеттерден сатып алатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытбек Сыдықов Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстың басталғанына бір жылдан асты. Батыс, Еуропа, АҚШ елдері Украинаға қару-жарақты үйіп-төгіп беріп жатыр. Himars, Leopard, Abrams сынды көптеген қару-жарақ бар. Қазақстан, оның ішінде Қорғаныс министрлігі осы соғысты бақылап отыр ма? Қазақстанның қару-жарағы жаңара ма?» деп сұрады журналистер ведомство өкілінен.

Қорғаныс министрлігі бұл шиеленісті тұрақты түрде бақылап отыр. Соның ішінде батыстық үлгідегі заманауи қару-жарақты қолдануды да қадағалауда. Бүгінгі таңда аталған үлгілер қарастырылып отырған жоқ, өйткені олар өте қымбат. Біз үнемі баға-сапа тұрғысында мониторинг жүргізіп отырамыз. Сапасы мен бағасы жағынан ешқандай да кем түспейтін сәйкес үлгілерді таңдаймыз, - деп жауап берді Бақытбек Сыдықов.

Сонымен қатар тілші ақпараттың құпия саналуына қарамастан, еліміз қару-жарақты қай елден сатып алатынын нақтылады.

Қазіргі таңда ресейлік және белорусьтық өнімді сатып алу бойынша енгізілген санкциялармен байланысты біз басқа елдерді қарастырамыз. Мәселен, Түркия, Қытай, Сербия елдері, - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы