«Қазақстан барысына» бөлінген қаржының жұмсалу заңдылығы тексеріліп жатыр

21 Маусым 2023, 09:24
3481
Бөлісу:
«Қазақстан барысына» бөлінген қаржының жұмсалу заңдылығы тексеріліп жатыр
Фото: Артём Чурсинов Архив

«Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеруде.

Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы