"Қазақстан барысы" турнирі өтеді

22 Маусым 2022, 10:35
1882
Бөлісу:
"Қазақстан барысы" турнирі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда күніне орай қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" ХІ республикалық турнирі өтеді. 

Биыл 3 шілде күні "Барыс-Арена" мұз сарайында өтетін дәстүрлі турнир елімізде ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту, қала күнін мерекелеу және балалар жылы аясында жастарды ұлттық спортпен шұғылдануға тарту, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсаттарын жүзеге асырады.  

Жарыс ережесіне сәйкес сәуір-мамыр айларында ауыл, аудан, облыстық (қалалық) деңгейдегі және күштік құрылымдар желісі арасында іріктеу жарыстары толығымен өтіп, оған еліміз бойынша бес мыңға жуық спортшы қатысты. Соның ішінен 36 балуан ақтық сынға жолдама алды. Олардың ішінде осыған дейін жеңіс тұғырынан көрінген Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбаевтар бар. 

2021 жылдың жеңімпазы Дәурен Нұралинов жарақатына байланысты турниге қатыспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, екі дүркін "Қазақстан Барысы" атанған Айбек Нұғымаров спорттық жолын аяқтағанын ресми түрде  жариялады.

Турнирді ҚР мәдениет және спорт министрілігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Qazaqstan Barysy" қоры мен Qazaq kuresi Ассоциациясы ұйымдастырады.  

Қазақ күресі ережесіне енгізілген өзгертулерге байланысты биылғы турнир "бүк" ұпайынсыз өтеді. 

«Қазақстан Барысы» турнирінің жүлде қоры әдеттегідей, жеңімпаз балуанға 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен ауыспалы алтын «тайтұяқ» табысталады. Екінші орынға 5 500 000 теңге және үшінші орынға 1 800 000 теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады.

Жанкүйерлер турнирді Qazaqstan, Qazsport арналары арқылы тікелей эфирден көре алады. Ресми салмақ өлшеу рәсімі 1 шілде сағат 19.00-де «Хан Шатыр» СОСО белгіленіп отыр. 

Осы орайда бұған дейінгі сайыстардың жеңімпаздарын бір еске алсақ:

2011 жылы. Астана қаласы

1-орын - Ұлан Рысқұл (Қызылорда облысы)

2-орын - Ыстыбаев Бейбіт (Жамбыл облысы)

3-орын - Жоламанов Шалқар (ШҚО)

2012 жылы. Астана қаласы

1-орын - Ыстыбаев Бейбіт (Жамбыл облысы)

2-орын - Жоламанов Шалқар (ШҚО)  

3-орын - Нұғымаров Айбек (ШҚО)

2013 жылы. Астана қаласы

1-орын - Нұғымаров Айбек (ШҚО)

2-орын - Шынкеев Ержан (Қарағанды облысы)

3-орын - Ерсұлтанов Жұманазар (ОҚО)

2014 жылы. Астана қаласы

1-орын - Тұрсынов Мұхит (ШҚО)

2-орын - Барменов Асыл (Қарағанды облысы)

3-орын - Әбдіразақов Руслан (Қызылорда облысы)

2015 жылы. Астана қаласы

1-орын - Ыстыбаев Бейбіт (Жамбыл облысы)

2-орын - Әбдіразақов Руслан (Қызылорда облысы)

3-орын - Сейділдаев Ғани (Астана қаласы)

2016 жылы. Астана қаласы

1-орын - Ыстыбаев Бейбіт (Жамбыл облысы)

2-орын - Ерсұлтанов Жұманазар (ОҚО)

3-орын - Айтбек Айбол (Жамбыл облысы)

2017 жылы. Астана қаласы

1-орын - Ерғалиев Еламан («Әскер Барысы») 

2-орын - Рысқұл Ұлан (Алматы облысы)

3-орын - Нұғымаров Айбек (ШҚО)

2018 жылы. Астана қаласы

1-орын - Шынкеев Ержан (Қарағанды облысы)

2-орын - Қажыбаев Ерасыл (ШҚО)

3-орын - Нұғымаров Айбек (ШҚО)

2019 жылы. Нұр-Сұлтан қаласы

1-орын - Нұғымаров Айбек (ШҚО)

2-орын - Қажыбаев Ерасыл («Әскер Барысы»)

3-орын - Әбдіразақов Руслан (Алматы қаласы)

2021 жылы. Нұр-Сұлтан қаласы

1-орын - Нұралинов Дәурен (ШҚО)       

2-орын - Қырықбай Ғалымжан (Жамбыл облысы)

3-орын - Жарылғапов Нұрдәулет  (Маңғыстау облысы)

Өзгелердің жаңалығы